Елбасы Британия-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудманмен кездесті

Events

Кездесуде тараптар «Астана клубының» отырысы барысында қозғалған Еуразия елдерінің дамуы тақырыбына қатысты пікір алысты.

– Сізге «Астана клубының» отырысына қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен осы жылдар ішінде Ұлыбританиямен өте жақсы қарым-қатынас орнаттым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Р.Гудман «Астана клубының» отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді кездесіп, талқылауға мүмкіндік жасалғаны үшін Елбасыға алғысын жеткізді.