Елбасы «ВТБ Банкі» президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады

Events

Кездесуде А.Костин Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтап, мемлекеттің қалыптасуындағы және дамуындағы Тұңғыш Президенттің еңбегі мен үлесін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының жоғары қарқынына және инвестиция-банк саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды.

А.Костин банктің Қазақстандағы жұмысы мен инвестициялық қызметінің перспективалары туралы айтып берді.