Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Events

Елбасы қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтап, Қазақстанның осы жылдар ішінде қол жеткізген басты жетістіктерін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет құру және оны дамыту ісіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан халқына ризашылық білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті өскелең ұрпақты тәуелсіздікті көздің қарашығындай қорғауға және елімізді одан әрі өркендетуге атсалысуға шақырды.

Елбасы сөзінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.