Қазақстанның Тұңғыш Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Events

Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен ТМД-ға мүше мемлекеттер  көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Саммит барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы шаралар мен осы бағыттағы ынтымақтастық  перспективалары талқыланды.