МАҢҒЫСТАУ ОҚУШЫЛАРЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Маңғыстау облысының кішкентай тұрғындары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Тұрақты және уақытша экспозициялармен мұқият танысқан балалар бізбен пікір бөлісті:

– Елбасы кітапханасында сақтаулы тұрған жәдігерлер, әсіресе өзге мемлекеттердің президенттері мен патшаларының Нұрсұлтан Әбішұлына тарту еткен ордендері, еліміздің спортшылары мен отандық чемпиондар табыстаған спорт марапаттары қатты ұнады. Қазақстан тарихына қатысты біраз дерек жинап алдық, - деді 7 сынып оқушысы Қарақат Жеткізген.

– Мен астанамызға алғаш келіп отырмын. Музейлер мен «Нұр әлем» павильонына экскурсиямыз жақсы өтті. Президент кітапханасындағы Елбасының кітап коллекциясына қатты қызықтым. Олардың қатарында Тұңғыш Президенттің өзі жазған еңбектері де, өзге мемлекет басшылары мен белгілі азаматтардан тартуға алған кітаптары бар екен, - деді 5 сынып оқушысы Сүндет Батырбекұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы дүйсенбіден басқа күндері келушілерді 10:00-17:00 арасында үзіліссіз қабылдайды. 10-нан астам кісіден құралған топтарға тақырыптық және шолу экскурсиялары алдын ала жазылған өтінімдер бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сағат 10:30; 12:00; 14:30; 16:00-де жүргізіледі. Экскурсия ұзақтығы – 45-50 минут.

Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан к-сі, 1 мекен-жайында орналасқан Назарбаев орталығының экскурсияларына өтінімді 8 800-080-15-05, +7 (7172) 69 30 41, 69 30 42, 69 30 43 нөмірлері арқылы беруге болады.

Кіру тегін.