Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Events

Алматы қаласы

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған ел экономикасының одан әрі өсуін ынталандыру шаралары талқыланды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа инфляцияның қазіргі жағдайы мен елімізде несиелік-қаржылық саясатты жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.