ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН КӨШПЕЛІ ДӘРІС

13 қыркүйек күні ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердағұлова адамгершілік-этикалық тәрбие, рухани және эстетикалық мәдениет, патриоттық сезімді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі дәріс өткізді. Дәрісті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті аппаратының 150 қызметкері тыңдады. 

   

Көтерілген сұрақтарды еліміздегі экономикалық, саяси және мәдени-идеологиялық жаңғырулар мәнмәтінінде қарастырған Сағынтай Кеңесқызы кездесу қатысушыларына тақырып бойынша талдамалық материалдар мен практикалық мысалдар ұсынды.

Дәріс пен таныстырылымда заңнамалық негіздерге, институционалдық реформаларға және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне ерекше мән берілді.

Мемлекеттік қызметтегі рухани-патриоттық ұстанымдар, мораль мен адамгершілік негіздері бойынша түсіндірулерге тыңдаушылар ерекше қызығушылық танытты.

Дәріскердің пікірінше, мемлекеттік қызметшілер қызметіндегі рухани іргетас пен тұлғалық бағдар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы екені сөзсіз.