РУХАНИ МЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ

28 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік аясында елордалық № 57 ОМ мектептің қатысушыларына «Нұр-Сұлтан – рухани келісім мекені»  тақырыбында дәріс өтті.

Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің ғылыми қызметкері Қаламқас Өзенбаева барша қатысушыларды алдаға меркемен құттықтап, Қазақстанның жаңа астанасы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың төл перзенті екенін атап өтті. Елорда – бұл жаһандық архитектуралық инновациялық платформа ғана емес, сонымен бірге барлық әлемдік діндер мен конфессиялардың орталығы. Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтетіндіктен бүгінде бас қала дінаралық диалог пен ынтымақтастықтың бірегей алаңына айналды. Осы жылдың қыркүйегінде хатшылықтың жұмыс тобы жетінші Съезде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дінаралық форумның бастамашысының ғаламдық сұхбат алаңын құрудағы ерекше рөлін көрсететін арнайы құжат қабылдауды ұсынды.

Сабақтың практикалық бөлігінде астананың тарихын біліге арналған викторина өткізді. Сабақ қатысушлыра мен оқытушылар арасында қызығушылықы тудырды.

Алмазбек Абдуллах, ученик № 57 ОМ:

– Маған сабақ қатты ұнады. Шынында да біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз, біздің елде діни немесе ұлттық негіздегі соғыс жоқ. Барлық діндер мен ұлттар татулықта ғұмыр кешіп, бірін-бірі толықтырады. Сондықтан 2003 жылдан бастап біздің астанамызға әлемнің барлық діндерінің көшбасшылары келді. Біз барлық көрші мемлекеттермен тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Мен өз қаламды жақсы көремін! Бүгінгі сабақта елордамыз туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселер білдім.