Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтен жеделхат келіп түсті

Telegrams and letters

Александр Вучич Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Өзіңізге тән энергия, күш-қайрат, оптимизм коронавирустан басым түсеріне сене отырып, Сізге қолдауымды білдіргім келеді.

Жақын арада халықаралық қауымдастық өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың арқасында пандемияны еңсереді және кедергісіз әлеуметтік-экономикалық даму жолына қайта оралады деген үміттемін.

Айығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін. Менің зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз», - делінген жеделхатта.