Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Phone calls

Тәжікстан Президенті Елбасын 80 жасқа толуымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және көпқырлы мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Эмомали Рахмон Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас Қазақстан халқының және жалпы өңірдің игілігі үшін өзінің жасампаз қызметін жалғастыратынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан көшбасшысына достық тілектері үшін алғысын білдіріп, әр түрлі салалардағы Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығын одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан тарапы бастамашы болды.