Елбасы Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Telegrams and letters

«Беларусь халқы Сіздің кандидатураңызға дауыс бере отырып, экономикалық реформалар саясатын жалғастыруды, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруды және Беларусь Республикасының халықаралық беделінің нығая түсуін қолдайтынын тағы бір мәрте растады.

Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан-Беларусь стратегиялық серіктестігін дамытуға қосқан Сіздің жеке үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Бұл ретте Қазақстан Беларусьпен екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да байланыстарды кеңейту және тереңдету ісін жалғастыруды көздеп отыр.

Мен сенімге және өзара түсіністікке негізделген достығымызды қадірлеймін әрі оны жоғары бағалаймын. Біздің өткен жылдардағы бірлескен жемісті жұмысымыз әрі қарай да екі ел халықтарының игілігі жолында көптарапты ынтымақтастықты дамыту үшін берік негіз бола алатынына сенімдімін», - делінген жеделхатта.