Елбасы белгілі мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Telegrams and letters

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Владимир Николаевич Шепельдің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Елбасы В.Шепель өзінің ұзақ жылдарға созылған еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

– Ол әрдайым өзінің жоғары кәсібилігімен, табанды өмірлік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Владимир Николаевич Шепельдің жарқын бейнесі жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.