Кеңсе

ҚР Тұңғыш Президентінің Баспасөз қызметі

Елбасының Баспасөз қызметінің міндеттері мыналар болып табылады:

Тұңғыш Президенттің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету:
  • Тұңғыш Президенттің шетелдерге сапарларын, жұмыс сапарларын және қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындауға және өткізуге қатысу;
  • Тұңғыш Президенттің қатысуымен өтетін іс-шараларға аккредиттелген журналистердің жұмысын ұйымдық қамтамасыз ету;
  • Тұңғыш Президенттің отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;
  • Тұңғыш Президенттің және оның қатысуымен өтетін іс-шаралардың кәсіби және сапалы фото және бейнетүсірілімдерін қамтамасыз ету;
Тұңғыш Президенттің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау:
  • Тұңғыш Президенттің ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;
  • Тұңғыш Президенттің қызметі, оның ішінде ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымын түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;
Тұңғыш Президенттің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативтік қолдау:
  • Тұңғыш Президенттің www.elbasy.kz ресми веб-сайтына жаңалықтар хабарларын, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио-, фото- және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;
  • Тұңғыш Президенттің қызметі және оның қатысуымен өтетін  іс-шаралар туралы БАҚ-ты ақпараттық материалдармен хабардар және қамтамасыз ету;
  • «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жұмысын Тұңғыш Президенттің қатысуымен өтетін іс-шараның телевизиялық түсірілімін ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы
Үкібай Айдос Ыдырысұлы
1975 жылы 27 шілдеде Алматы облысында туған.
Білімі
1997 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-ны журналист мамандығы бойынша бітірген.
2015 ж. Назарбаев Университетінің жоғары бизнес мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 
1998–2011 жж. «Хабар» АҚ ақпараттық жобалар департаментінің басшысы, «Хабар» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 
2011–2016 жж. «Хабар» Агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы. 
Мамыр 2016 ж. — 22 наурыз 2019 г. Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы.
Наурыз 2019 г. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы.
 
«Парасат»,
«Құрмет» ордендері
Екі мерейтойлық медаль.