Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
Кеңсенің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы белгілейді.
Кеңсенің миссиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін және оның мәртебесін іске асыруды ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық, ұйымдық-протоколдық және өзге де түрде сапалы және уақтылы қамтамасыз ету болып табылады.
Кеңсенің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттіктерін іске асыруды, оның ішінде:
- Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасау
- Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның Палаталарының алдында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу
- Құқықтары:
Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін басқару
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру құқығы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы айқындайтын өзге де өкілеттіктер бөлігінде қамтамасыз ету