Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Сооронбай Жээнбеков Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және алға қойған мақсаттарының табысты жүзеге асырылуына ниеттестік білдірді.

Екі тарап Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тату көршілік және өзара сенімге негізделген түрлі салалардағы қатынастарды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.