Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Өзбекстан Президенті Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және толағай табыс тіледі .

Әңгімелесу барысында достыққа, сенім мен ынтымақтастыққа негізделген Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қарым-қатынастарын тереңдетудің маңыздылығы туралы айтылды.