Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Түркия Президенті Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және жаңа жетістіктер тіледі.

Тараптар бауырлас екі елдің игілігі үшін Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.