Нұрсұлтан Назарбаев қайтыс болған МАГАТЭ-ның бас директоры Юкия Аманоның отбасы мүшелерімен кездесті

Оқиғалар

Елбасы олардың қайғысына ортақ екенін білдірді және агенттік Бас директорының жұбайы Юкика Амано мен інісі Мари Аманоға Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығымен марапаттау рәсіміне қатысқаны үшін алғысын білдірді.

- Ендігі жерде Амано мырза үшін бар істей алатынымыз – өз жүрегімізде ол туралы естелікті сақтау. Бұл сыйлықты алу үшін Сіздердің келгендеріңіз үшін алғысым шексіз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Юкика Амано о дүниелік болған жұбайының қызметін жоғары бағалағаны және осындай марапат үшін ризашылығын айтты.

- Бүгін Сіздің қолыңыздан осындай жоғары награданы алдым. Бұл мен үшін жоғары мәртебе. Бүгінгі салтанатты рәсімге жолдасымның өзі қатысқысы келген еді. Қазақстанмен және жеке Сізбен жұмыс істейтінін мақтан етіп, жиі айтатын, - деді Ю. Амано.