Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде болды

Оқиғалар

Мәскеу қ., Ресей Федерациясы

Елбасы қазақстандық диломаттармен кездесіп, әңгімелесті.

– Сіздер ең үлкен елде қызмет етесіздер. Жауапты жұмысыңызға сәттілік тілеймін, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев елшілік жанындағы Қазақстан-Ресей қатынастарының тарихына арналған музейдің экспозициясымен танысты.

Музей екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толған кезде  ашылған. Музейдегі мультимедиялық терминалдар мен фотостендтерде Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық қатынасының қалыптасуы мен дамуының толық құқықтық және статистикалық базасы көрініс тапқан.