Нұрсұлтан Назарбаев Оман аш-Шура Меджлисінің Спикері Халид Әл-Мауалимен кездесті

Оқиғалар

Кездесу барысында Елбасы Қазақстанның Оманмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

- Біз екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға мүдделіміз. Логистиканың жоқтығынан бізде сауда көлемі төмен. Қазір біз Каспийден Иранға апаратын теміржол салдық. Енді тауарларды тасымалдауға мүмкіндік бар. Біз мемлекеттеріміз арасындағы сауданы дамытуымыз керек, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.