Елбасы Моңғолия Премьер-Министрі Ухнаагиин Хурэлсухпен кездесті

Оқиғалар

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан мен Моңғолия тарихи жақын халықтар екенін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан мен Монғолия арасындағы қатынастарды нығайтуға тырыстым. Біз тарихи тұрғыдан жақын халықпыз. Моңғолияда жүз жиырма мың қазақ тұрады. Бұл біздің елдер арасындағы дәнекер. Сіз Қазақстанның Премьер-Министрімен келіссөздер жүргіздіңіз. Сонымен қатар, бизнес-форумға қатысуды жоспарлап отырсыз. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы сауда деңгейі өте төмен. Сіздің сапарыңыз сәтті өтетініне сенімдімін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Моңғолия Премьер-Министрі Қазақстанның Тұңғыш Президентіне жоғары деңгейдегі жылы қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.

«Мен Қазақстанға ресми сапармен келгеніме өте қуаныштымын. Осы кездесу үшін Сізге ризамын. Менің алғашқы сапарым қатынастарымызды тереңдетуге және жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Мен Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның жеткен жетістіктеріне куә болғаныма мақтанамын», - деді Ухнаагиин Хурэлсух.