Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Әңгіме барысында тараптар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысын талқылады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.