Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады

Оқиғалар

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті әйгілі суретшінің отандық өнер мен мәдениетті дамытуға сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

Өз кезегінде К.Муллашев Елбасыға қазақстандық өнер қайраткерлеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.