Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Тараптар бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс, Қазақстан халқына ­­– игілік пен бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия қатынастарының жоғары деңгейі мен екіжақты ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.