Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшылығымен кеңес өткізді

Оқиғалар

Отырыс барысында Елбасы Кеңсесі қызметінің 2019 жылғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары қаралды.

Кеңесте Елбасының қызметін қамтамасыз ету аясындағы міндетердің орындалуы, соның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін шетелдік сапарлар мен мемлекет ішіндегі іс-шараларға дайындық туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, Елбасының 2020 жылғы жұмыс кестесіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзге жаңалықтар