Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Оқиғалар

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылға арналған даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.

А.Есімов Қор компаниялары тобының таза кірісі 1,2 трлн теңгені құрап, бұл жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артық екенін хабарлады. Қарыз жүктемесі  2017 жылдан бері 1 трлн теңгеге, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд АҚШ долларына азайған.

Сондай-ақ, Қор компанияларының қаржылық жағдайын одан әрі жақсарту, портфельді компаниялардың IPO-ға шығуы және жекешелендіру жоспарын іске асыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.