Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады

Оқиғалар

Кездесуде Елбасы Қазақстанның қалыптасу тарихын зерттеуге танытқан қызығушылы үшін профессор Кюршад Зорлуға алғысын білдірді.

– Сіздің кітап жазғаныңызды білемін. Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде кітабыңызға үлкен мақала арналды. Сіз Қазақстан дамуының негізгі аспектілері мен Түркі әлемі бірлігінің маңыздылығына тоқталдыңыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде, Кюршад Зорлу кездесу үшін алғысын білдіріп, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолында Тұңғыш Президенттің зор үлес қосқанын атап өтті.