Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Тараптар бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен толағай табыс, ал бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған әлемдегі коронавирус пандемиясы жағдайын талқылап, бұл жаһандық дағдарысты сәтті еңсеру үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді қолдады.

Әңгіме соңында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия тарапы бастамашы болды.