Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті

Телеграммалар мен хаттар

Мун Чжэ Ин Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады.

«Мен өткен жылдың сәуір айындағы Қазақстанға сапарымда Сізбен болған кездесуді әрдайым жылы сезіммен еске алып отырамын. Қос ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы ахуал жайында өрбіген әңгіме барысында Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз бен даналығыңызға тәнті болдым.

Сізге тез арада коронавирусты жеңіп, сауығып кетуіңізді тілеймін», - делінген жеделхатта.