Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннен жеделхат келіп түсті

Телеграммалар мен хаттар

Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтыруына байланысты алаңдаушылық білдірді.

«Коронавирус инфекциясы өрши бастаған сәттен Қытай мен Қазақстан эпидемияға қарсы жемісті ынтымақтастық жүргізіп келеді. Бұл Қытай-Қазақстан қатынастарының мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейі мен ерекше сипатын көрсетіп отыр. Сондай-ақ халықаралық қауымдастық үшін пандемияға қарсы бірлесіп әрекет етудің жарқын үлгісіне айналды.

Эпидемияны жеңетінімізге кәміл сенімдімін. Ал екіжақты қатынас бұдан да нәтижелі дами түседі деген ойдамын.

Мен Сізбен қалыптасқан жақын достық қарым-қатынасты ерекше бағалаймын және шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін», – делінген жеделхатта.