Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтен жеделхат келіп түсті

Телеграммалар мен хаттар

Шавкат Мирзиёев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады.

«Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді.

Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін.

Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін», - делінген жеделхатта.