Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтен жеделхат келіп түсті

Телеграммалар мен хаттар

Гурбангулы Бердімұхамедов Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады.

«Өмірлік энергияңыз бен ерік-жігеріңіздің арқасында Сіз бұл дертті қысқа мерзімде еңсересіз деп сенемін.

Сізді барынша қолдауға және қажет болған жағдайда көмектесуге дайынмын.

Шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін. Алла Тағала Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр берсін», - делінген жеделхатта.