Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Әңгіме барысында Сооронбай Жээнбеков Елбасының тезірек сауығып кетуін және Қазақстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан күнделікті қызметіне жақын арада оралуын тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентіне жылы лебіздері үшін ризашылығын айтып, бауырлас екі елдің арасындағы тату көршілік қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз жағы бастамашы болды.