Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа Бен Заид Әл Нахаяннан және Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумнан жеделхаттар келіп түсті

Телеграммалар мен хаттар

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті мен Премьер-Министрі Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Алладан Сізге зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір, отбасыңызға және достас Қазақстан Республикасының халқына жақсылық сұраймыз.

Біздің зор құрметіміз бен ыстық ықыласымызды қабыл алыңыз», - делінген жеделхаттарда.

Өзге жаңалықтар