Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан жеделхат келіп түсті

Телеграммалар мен хаттар

Эмомали Рахмон Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады.

«Сізге бауырластық қолдауымды білдіргім келеді.

Шын жүректен тезірек толық сауығып кетуіңізді және ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілеймін.

Сізге деген зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз», - делінген жеделхатта.