Қазақстанның Тұңғыш Президентінің туған күніне орай құттықтаулар

Оқиғалар

Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан ерекше үлесі мен рөлін атап өтті.

– Бүгін тарихи күн – Елбасымыздың 80 жылдығы. Ол – қазақ халқының ұлы қайраткері, ұлы перзенті. Бүкіл әлем солай деп санайды. Елбасы шын мәнісінде ұлы адам, біз бұл туралы айтуымыз керек. Әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал және әрбір халық өзінің тарихи қайраткерлерімен мақтануы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары халықаралық беделін де атап өтті.

– Нұрсұлтан Назарбаев заманауи мемлекет құрды, әлем картасында Қазақстанның шекарасын шегендеді. Бұл туралы біздің Елбасымызға қоңырау шалып, құттықтап жатқан әлемнің барлық көрнекті саясаткерлері айтып жатыр. 80 жас – әр адамның өміріндегі маңызды меже. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Елбасының алдағы уақытта да біздің халқымызға, мемлекетімізге үлкен пайда әкелетініне сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзге жаңалықтар