Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Әңгімелесу барысында Беларусь Президенті Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан тарихындағы жаңа міндеттерді сәтті іске асыруды тіледі.

Александр Лукашенко Ұлт көшбасшысының басшылығымен Қазақстан халқы өз дамуында толағай табысқа қол жеткізген мемлекет құрып, үлкен жолды жүріп өткендігін атап өтті. Сондай-ақ Беларусь Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Беларусь қатынастарымен бірге, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді қалыптастыру мен ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Елбасы Беларусь көшбасшысына құттықтауы үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы көптарапты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы айтты.

Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды.