Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Абдулла Гүл Елбасын келе жатқан 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке мен толайым табыс тіледі.

Түркияның бұрынғы Президенті әлемде беделі жоғары, қуатты  және өркендеп келе жатқан Қазақстанның қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының тарихи маңызын атап өтті.

Елбасы Абдулла Гүлге құттықтауы үшін шын жүректен алғысын білдіріп, Қазақстан-Түркия стратегиялық қатынастарын дамыту және нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеген жылдарды жылы сезіммен еске алды.

Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды.

Өзге жаңалықтар