Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды

Оқиғалар

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау рәсіміне қатысты.

Елбасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде бүгін қазақстандықтардың еліміз үшін ең маңызды саяси оқиғаға қатысып жатқанын атап өтті.

– Бұл сайлау Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келді. Бүгін бәріміз сайлауға жарқын болашақ, қазақстандықтардың өркендеуі мен тұрмыс сапасын жақсарту үшін қатысып отырмыз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа құрамдағы Мәжіліс пен мәслихаттардың алдында күрделі әрі жауапты міндеттер тұрғанын атап өтті.

– Отыз жыл ішінде біраз шаруа атқарылды. Ынта-жігер мен береке-бірліктің арқасында бірталай жетістікке қол жеткіздік. Ең бастысы – біз мемлекеттің негізін қаладық, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы қазақстандықтарды Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға және дауыс беруге шақырды.

Өзге жаңалықтар