Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен және Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Тараптар екі елдің бауырлас халықтарының игілігі үшін дәстүрлі тату көршілік, өзара сенім және сан ғасырлық достық рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстаның стратегиялық қатынасының қазіргі деңгейін жоғары бағалады.

Бұған саяси саладағы жемісті қарым-қатынас, биыл сауда көлемінің ұлғайғаны және шекаралық сауда саласындағы іскер топтардың өзара іс-әрекетіне жаңа мүмкіндіктер жасалғаны, бірлескен экономикалық және өңіраралық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқаны, мәдени-гуманитарлық бағдарламалардың насихатталуы әсер етіп отыр.

Соңында тараптар өңірде бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін көпжақты ынтымақтастықты арттыру және тереңдету қажеттігі туралы пікір білдірді.