Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Қырғызстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүректен туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Садыр Жапаров қазіргі қазақ-қырғыз қатынастарын, сондай-ақ екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамытудағы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз елінің көшбасшысына ізгі тілектері үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас екі ел арасындағы тарихи тығыз байланыстардың одан әрі кеңейіп, тереңдей түсетініне сенім білдірді.