Елбасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Әңгіме барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Жамбыл облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Байзақ ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті төтенше жағдай кезінде қаза болған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.