Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Оқиғалар

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Самұрық-Қазына» қорының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды.

А.Сәтқалиевтің мәліметі бойынша биылғы 7 айда уран саудасында, электр энергиясын өндіруде, сондай-ақ контейнерлік тасымалдауда көрсеткіштердің оң қарқыны байқалуда.

Елбасыға Қор тобындағы кәсіпорындардағы вакцинациялау процесі мен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.