Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон қоңыраулары

Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайында мәлімет ұсынылды.

Елбасы барлық зардап шеккен адамдарға көмек көрсетудің және төтенше жағдай салдарын жоюдың маңыздылығын атап өтті.