БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН!

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұжымының атынан Сіздерді қазақстандық журналистика күнімен құттықтаймыз! 28 маусымның Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілуі – журналистика саласына өмірін арнаған адамдардың өзіндік кәсіби мерекесінің қажеттігі туралы дұрыс шешім.

Журналист болу – қоғамдағы өткір мәселелерге жауап табу, өз заманының ар-ожданы болу. Туған жерін сүйетін азамат ретінде Сіздер тәуелсіз Қазақстанның құрылысына өлшеусіз үлестеріңізді қосудасыздар.

Сіздерге қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, еліміздің халықаралық беделін арттыру жолындағы ерен еңбектеріңіз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге бағытталған Елбасы кітапханасымен ынтымақтастықтарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. 

Бүгінгі мерекелік күнде Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, Қазақстан халқының дамуы мен гүлденуі жолындағы қызметтеріңізге жарқын кәсіби табыс пен тың шығармашылық идеяларды тілейміз!