ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР

Осы күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың жыл сайынғы 10-шы отырысының қатысушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында болды.

Таяу және алыс шетелден келген қонақтар Назарбаев орталығы мен бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының Резиденциясы болған Елбасы кітапханасының музейіндегі экспозициялармен танысты.

Экскурсия барысында келушілерге Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, саяси және қоғамдық қызметі туралы сыр шертетін бірегей архивтік құжаттар, фото- және бейнематериалдар ұсынылды. Елбасының шетелдік мемлекеттік және қоғамдық марапаттарының топтамасы қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

 

Шетелдік қонақтар Қазақстанның заманауи тарихымен және ядролық қарусыздану мен жаһандық қауіпсіздік ісіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жаһандық бастамаларымен танысты.

Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (МАСА) негізі 2004 жылы Словения астанасы Люблянада 24 елден келген 100 делегаттың қатысуымен өткен құрылтай көнференциясында қаланды. Қазақстан аталған беделді құрылымның мүшелігіне 2016 жылы өтті.