ГАРВАРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІМЕН ТАНЫСТЫ

2019 жылғы 21 тамызда Германия, Индия, Канада, Кабо-Верде, Испания, Мексика, Уганда, Перу  елдерінің Гарвард университетін бітірген азаматтары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейіне ат басын бұрды.

Сыйлы қонақтар Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянына қатысты бірегей материалдарға, Тұңғыш Президенттің қызмет жолы мен тәуелсіз Қазақстанның даму үдерісін бейнелейтін құжаттарға айрықша зер салды. Алғашқы кейпінде сақталған ол кісінің бұрынғы жұмыс кабинеті де меймандарды бей-жай қалдырған жоқ.

Жәдігерлермен тамашалау барысында шетелдік меймандар өзге мемлекет басшыларының Н.Ә. Назарбаевқа тарту еткен өнер туындыларына, кәдесыйлар мен кітаптардың кең топтамаларына тәнті болды.

Олар қазақ халқының музыка мәдениетімен, Еуропа және Азия елдерінің музыкалық аспаптарымен «Әлем халықтарының музыка аспаптары» экспозиция залында танысты.

Экскурсиядан соң Гарвард университетінің түлектері берілген маңызды ақпарат үшін Елбасы кітапханасының ұжымына алғыс білдіріп, жаңа табыстарды тіледі.