«ЕЛБАСЫНЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ» КӨРМЕСІ: ЕЛОРДАМЫЗДЫҢ ТАРИХЫ

10 желтоқсанда Назарбаев орталығында 1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола болып жарияланғанына 22 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көрмесі қойылды.

«Елбасының асқақ арманы» көрмесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жинақталған материалдар талдауына негізделген елорданың қалыптасуы мен даму тарихын кешенді зерттеу нәтижелері. Көрме тақырыптық бөлімдерден тұрады: «Н.Ә. Назарбаев – елорданың бас сәулетшісі», « Астана – егемен Қазақстанның жаңа елордасы», «Нұр-Сұлтан – халықаралық даму, дипломатия мен бітімгершілік орталығы».

  

Көрме экспозициясына Елбасы кітапханасының музей, архив және кітапхана қорынан мыңға жуық материалдар қойылған.

Архив экспонаттарының қатарында Қазақстанның жаңа астанасы тарихының маңызды кезеңдерін айғақтайтын құжаттар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қаулылары мен бұйрықтары, мәжілістерінің стенограммалары, сөйлеген сөздері мен жұмыс жазбалары бар.

Мұнда сонымен қатар көрмеден тарихи фотоқұжаттарды да көруге болады, мәселен, мемлекеттік белгілерді Ақмолаға тапсыру рәсіміне арналған салтанатты митингіден суреттер (08.11.1997 ж.), Астананың даму жобасын талқылау барысындағы елордалық алғашқы құрылысшылар суреттері (05.06.1998 ж.), Президент резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жапондық сәулетші К.Курокавамен кездескен кездегі суреттері  (05.03.1999 ж.) және тағы басқа да суреттер тұр.

Көрме экспонаттарының ішінде Қазақстанның құрылыс салушылар ассоциациясынан Елбасының алған сыйлығы – дамаск құрышы мен еменнен жасалған құрылыс қалақшасы, «Астана қаласының Құрметті азаматы» күміс естелік медалі, Астана қаласынан күміс символикалық кілт, ЮНЕСКО бас директоры Ф. Майордан алған «Әлем қаласы» атағымен ЮНЕСКО дипломы мен медалі ерекше орын алады.

Сонымен қатар көрмеде астана туралы кітаптар да көпшілік назарына ұсынылған, олардың ішінде Н. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», Б. Болатұлының «Астана: монументы и скульптуры», Б. Мамырбаеваның «Архитектура Астаны», Ш. Шахайдың «Жан жүрегім – Астана», «Astana әлем суретшілерінің көзімен», «Астана 1998-2018. Ел жүрегі – елорда шежіресі» және басқа да көптеген кітаптар бар.