ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫНДА «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін  Нұр-Сұлтан қаласындағы Қаржы академиясында Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің қызметкерлері «Болашаққа жол өзіңнен басталады»  көшпелі семинарын өткізді.

Семинар барысында қатысушылар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларына, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларына, Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы туралы мол мағлұмат алды.

   

Оқу барысында тыңдаушылар дәріс тыңдап қана қоймай, тренингке қатысты. Семинардың практикалық бөлігінің мақсаты – Академия қатысушыларының болашақ ғылыми жұмыстарына негіз болатын әлеуметтік жобаларды, нақты шешімдерді әзірлеу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар қаржы саласының болашақ мамандары тәуелсіз мемлекеттің тарихынан сыр шертетін көптеген фактілер мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәнін ашатын ғылыми зерттеулердің қызықты деректерге қанықты.

– Семинар-тренинг барысында біз өте мазмұны терең дәрістер тыңдадық. Оқытушы ретінде теорияның практикалық бөліммен ұштасып, үйлесім тапқанын атап өткім келеді. Оқу барысында біз өз жұмысымызда міндетті түрде қолданатын білімнің жаңа компоненттерін сіңіре білдік. Өйткені жастарды креативті, бастамашыл, заманауи оқытып, тәрбиелеу үшін бізге, педагогтарға өз санасын жаңғыртуы қажет. Елбасы кітапханасының басшылығына Жоғарғы оқу орындарына назар аударып, көшпелі семинарларды ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыс айтамын, -деп ой бөлісті Қаржы академиясының Экономика және менеджмент кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Ғалым Қазбеков.