«Nur Otan» партиясы

«Nur Otan» партиясының қалыптасу және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның тікелей басшылығымен партия еліміздің жетекші саяси күші болды. Н.Ә. Назарбаев «Nur Otan» партиясының идеялық шабыттандырушысы болып табылады, партияның пайда болуы, қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрды. 

1999 ж.

19 қаңтар – Президенттікке кандидат Н.Ә. Назарбаевты қолдау үшін Қоғамдық штабты «Отан» Республикалық партиясына қайта құру 

12 ақпан – «Отан» Республикалық саяси партиясы» ҚБ тіркеу 

1 наурыз – «Отан» РСП-ның I құрылтай съезі. «Отан» РСП-на Қазақстанның Халық бірлігі партиясының, Қазақстанның демократиялық партиясының, Қазақстанның либералдық қозғалысының, «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысының кіруі 

18 тамыз – «Отан» РСП-ның кезектен тыс II съезі

2000 ж.

4 қаңтар – «Жас Отан» партиясы Жастар қанатының құрылуы

2001 ж. 20 сәуір – «Отан» РСП-ның III съезі (Отан). «Отан» РСП-ның доктринасын қабылдау.
2002 ж. 9 қараша – «Отан» РСП-ның кезектен тыс IV съезі. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған партиялық бағдарламаны бекіту. Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясының, республикалық саяси Еңбек партиясының «Отан» РСП-ның құрамына кіруі 
2003 ж. 12 шілде - «Отан» РСП-ның кезектен тыс V съезі
2004 ж.

12 наурыз – «Отан» РСП-ның кезектен тыс VI съезі 

18 шілде – «Отан» РСП-ның кезектен тыс VII съезі

2005 ж.

31 мамыр – «Отан» партиясы Орталық аппаратының Алматыдан Астанаға көшуі

9 қыркүйек - «Отан» РСП-ның кезектен тыс VIII съезі
қараша - «Отан» РСП-ның қоғамдық қабылдауларын ашу

2006 ж.

4 шілде – «Отан» РСП-ның кезектен тыс IX съезі, «Асар» партиясымен бірігуі 

22 желтоқсан – «Отан» РСП-ның кезектен тыс Х съезі. Азаматтық және Аграрлық партиялардың қосылуы. «Отан» РСП-ның атауы «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы болып өзгертілді

2007 ж.

4 шілде – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XI съезі

11 қыркүйек – «Нұр Отан» ХДП-ның Парламентаризм институтын құру (қазіргі – «Нұр Отан» ХДП-ның Стратегиялық бастамалар институты)

2008 ж.

3 наурыз – партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды

14 мамыр – «Жас Отан» Жастар қанатының I съезі 

25 қараша – партияның Орталық аппаратының Партиялық бақылау комитеті құрылды (қазіргі – Партиялық бақылау қызметі)

2009 ж. 15 мамыр – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XII съезі
2010 ж.

26 мамыр – «Нұр Отан» ХДП-ның Жоғары партия мектебі құрылды (қазіргі – «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы)

2011 ж.

12 қаңтар – «Қазақстан – 2020» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы құрылды (қазіргі – «Қазақстан 2050»)

11 ақпан – «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезі

25 қараша – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XIV съезі

2012 ж.

16 қараша – «Жас Отан» Жастар қанатының II съезі

14 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2013 ж.

18 қазан – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XV Съезі. Партия доктринасын қабылдау. Партия ребрендингі: «Нұр Отан» ХДП атауын «Нұр Отан» партиясына ауыстыру

2014 ж.

11 қараша – «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын Қазақстан халқына жолдаған, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бекітілген 

2015 ж.

11 наурыз – «Нұр Отан» партиясының XVI съезі

9 сәуір – «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс III съезі

2016 ж.

29 қаңтар – «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі»

2017 ж.

3 қараша – партияның жаңғыртуына бастау берілген партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

2018 ж.

28-29 наурыз – «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі

1 маусым – партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

15 қараша – бастауыш партия ұйымдарының I форумы

2019 ж.

27 ақпан – «Nur Otan» партиясының XVIII съезі. Партияның ребрендингі. Партияның 2030 жылға дейінгі «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасын қабылдау

23 сәуірде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезі өтті. Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынып, оны 623 делегат бірауыздан қолдады.